Тұтас құйма құрылыстағы алдын ала кернелген бетон – «НК-Теплохиммонтаж» холдингін
29.08.2017

Тұтас құйма құрылыстағы алдын ала кернелген бетон

(Русский)
Канаты, установленные в каналообразователи. Процесс натяжения канатов.
Канаты после завершения натяжения.
1
previous arrowprevious arrow
next arrownext arrow
 
 Канаты, установленные в каналообразователи. Процесс натяжения канатов.
 Канаты после завершения натяжения.
1
previous arrow
next arrow

Алдын ала кернелген бетон

Алдын ала кернелген бетон темір бетонды құрылымдардың салмақ түсу қабілетін арттыру және біруақытта қабырғалар мен жабындардың қалыңдығын азайту үшін пайдаланылады. Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін арқаулы арқанды тарту қолданылады, ол тік құрылыстарға материалдар шығынын және жүктемені азайтуға, мықтылығын және пайдалану мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.

Арқаулы арқандар түйіні жабық арналарда болады және тартқаннан және анкерлегеннен кейін цемент ерітіндісін құюға жатады, ол кернелетін арқаудың құрылыс бетонымен ұстасуын қамтамасыз етеді. Арқандар қимасының атаулы алаңымен, олардың тартылуға уақытша қарсыласуымен, бақыланатын кернеумен, түйіндегі арқандар санымен анықталатын қолданылатын түйіндер қуаты құрылыстағы құрылымның құрылымдық ерекшеліктерімен, оны пайдалану және құрылыс шарттарымен айқындалады және РФ нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Тұтас құйма құрылысында алдын ала кернеуді қолдану артықшылығы:

  • 8 метрден астам аралықтар жасау;
  • Жабынның және/немесе арқалықтың қалыңдығын қысқарту;
  • Үй-жайдың таза биіктігін арттыру;
  • Бүгілуді азайту;
  • Өз салмағынан тік құрылымдар мен іргетасқа жүктемені азайту;
  • Сызатқа беріктікті арттыру;
  • Мықтылық пен пайдалану мерзімін арттыру;
  • Материалдар шығынын азайту
  • Құрылыс құнын азайту.

Темір бетон технологиясын пайдалану саласы

  • Өнеркәсіп құрылысы (зауыттар, фабрикалар, тұтас құйма силостар);
  • Көлік құрылысы (жолдар, желілік объектілер, көпірлер, тоннельдер);
  • Азаматтық құрылыс (тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар);
  • Әскери құрылыс (әскери мақсаттағы объектілер);
  • Гидротехникалық құрылыс (тоғандар, бөгеттер, арналар, жағалауды бекіту құрылыстары мен құрылғылары, су қоймалар);
  • Ауылшаруашылық құрылыс (ауылшаруашылық объектілері);
  • Коммерциялық құрылыс (сауда кешендері, қоймалар).