Жылжымалы қалып әдісімен көп қабатты құрылыстарды түрғызу – «НК-Теплохиммонтаж» холдингін
22.01.2018

Жылжымалы қалып әдісімен көп қабатты құрылыстарды түрғызу

Жылжымалы қалып қозғалмалы, оны бетондау кезінде үздіксіз жоғары көтереді және тұрақты және соңғы уақытта ауыспалы қима тұтас құймалы тік қабырғалары бар көп қабатты темір бетонды құрылыстарды тұрғызу кезінде қолданады. Ол қабырға періметрі бойынша орналастырылған және оларды бетондауға қарай гидродомкарт көтеретін кеңістік қалып пішіні түрінде болады.

Жылжымалы қалыптың негізгі элементтері қалқандар, домкрат жақтаулары, жұмыс үстелі, аспалы мінбелер, қабырғалар өсіне орнатылатын домкрат білігі, домкраттар болып табылады.

Жылжымалы қалыпты қолдану биіктігі 400 м дейін пештің түтін шығаратын мойнын, градирняны, көп қабатты ғимараттар өзегін салу кезінде әсіресе тиімді. Жылжымалы қалыпта мұндай объектілерді тұрғызудың үлкен артықшылығы құрылыс қарқынын елеулі арттыру, еңбек сыйымдылығын, құнын, жұмыс мерзімін азайту болып табылады.

Технологиялық тұрғыдан жылжымалы қалып әдісі бетінің сапасын арттырады, бетон қоспасын берудегі үзілістермен байланысты бетондау ақаулары жойылады. Технологиялық үзілістер барлық бірге болатын жұмыстарды жақсы ұйымдастыруға ықпал етеді.